Жамбыл облысында қару және жалған валюта сатқандар ұсталды

Жамбыл облысында қару және жалған валюта сатқан қылымыстық топтың әрекеті әшкереленді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күдіктіні Ұлттық қауіпсіздік комитеті қолға түсірді. Операция алдында ұзақ уақыт бақылау жүргізілген. Нәтижесінде 4 қару: соның ішінде «Калашников» автоматының жетілдірілген түрлері, тіркелмеген мылтықтар, 450-ден астам оқ-дәрі және аса ірі көлемде жалған АҚШ доллары заңсыз айналымнан алынды. Ұсталған адам қылмысын мойындады және 2 айға тергеу изоляторына қамалды.