Салмағы 230 келі тартатын қошқар Қазақстанның рекордтар кітабына енгізілді

Салмағы 230 келі тартатын қошқар Қазақстанның рекордтар кітабына енгізілді.

Төрт жасар «Миллион» Шымкентте өткен көрмеде бітімі жағынан ерекшеленіп, елдегі ең ірі қой тұқымы ретінде тіркелді. Маңдайы дөңес келген, қылшық жүнді "Қиссар" тұқымды қошқардың иесі -Қуаныш Мықтыбаев. Ол республикалық көрмеге Түркістан облысы, Сарыағаш ауданының атынан қатысты.

Қазақстан рекордтар кітабының атынан мына сертификат Мықтыбаев Қуанышқа тапсырылады және ет, май өнімділігі бағытындағы қошқардың салмағы 230 кг екенін растайды. Оның еліміздегі ең ірі салмақтағы қой жануары ретінде жариялап тіркейді.