Ақтөбе облысының Қобда ауданында 15 тұрғын үйді су басты

Ақтөбе облысының Қобда ауданында 15 тұрғын үй, 28 аула және сауықтыру кешені мен дәмхана су астында қалды.

Егіндібұлақ ауылының көшелерін де су басты. Дегенмен төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері мұндағы үйлер мен шаруашылыққа арналған қоражайларға қауіп жоқ екендігін айтады. Мол судың бағытын бұру үшін сала мамандары Самара-Шымкент автожолының 613 шақырымындағы бөлігін жырып, суағар жасап қойған. Тасқынның беті қайтқасын трасса қалпына келтірілетін болады. Тұрғындар дереу эвакуациялық бекетке көшірілді.

Марғұлан Аманбаев, облыстық ТЖД бастығы: 

- Бұл елді мекенде мың жарым үй, 6 жарым мың адам тұрады. Қазіргі кезде жергілікті атқарушы орган және төтенше жағдай департаменті, полиция қызметкерлерімен бірлесе үйлерді аралау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар кешегі күні эвакуацияға арналған 40 орын дайындалды. Малды көшіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар су кірмеген аулаларға қаптарды қойып, суды кіргізбеу жұмыстары жүргізілуде.