Діндер съезінің мән-маңызы қандай?

Діндер съезінің мән-маңызы қандай? Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің студенттеріне осындай дәріс оқылды.

Теология факультетінде білім алып жатқан болашақ дін мамандарына Елордада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі мен оның қорытындысы жайында баяндалып, маңызды тұстары түсіндірілді. Жастар бейбіт өмір сүру мен толерантты қоғам құрудың маңыздылығы және конфессияаралық диалогтың бірегей қазақстандық моделімен танысты. «Елдегі және бүкіл әлемдегі диалог пен ынтымақтастықты нығайту – Қазақстан саясатының маңызды бөлігі», - дейді мамандар.

Болат Сәрсенбаев, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі орталықтың басқарма төрағасы:

- Әлемдік дін көшбасшыларының ынтымақтастығы – түйіткілді мәселелерді бірлесіп шешудің тиімді жолы. Сондықтан біз Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінде қабылданған декларацияның мәтінін елшіліктер арқылы халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерге жібердік. Енді соны өзіміздің жастарға, дін саласымен айналысатын мамандарға түсіндіру жұмытарын жүргізудеміз. Дәріс Алматы, Астана, енді міне Түркстан қаласында ұйымдастырылуда. Себебі Президенттің де осы жұмысты ілгерілендіру бойынша берген тапсырмасы бар.