Қарағандылықтар ұмыт болып бара жатқан ұлттық ас-су түрлерін көрсетті

Ақмарқа, быламық, талқан. Осындай тағам түрлерінің қалай жасалатынын білесіз бе?

Қарағандылықтар ұмыт болып бара жатқан ұлттық ас-су түрлерін көрсетті. Тарихи-өлкетану музейінде өткен шеберлік сабағына 50-ге жуық болашақ аспаз келген. Бұлар - Тамақтану саласында оқып жүрген студенттер. Жастар әжелерімізден мұра болып қалған тамақ түрлерін жасаудың неше атасын біледі. Табиғи таза өнімнің адам ағзасына пайдасын да айтып берді.  

Нарша Ілден, облыстық тарихи-өлкетану музейінің маманы:

- Біріншіден біз ұмыт болған ұлттық тағамдарымыздың рецебін қайтадан жаңғыртып жатырмыз. Сондай-ақ ол ұлттық тағамдарымызды жас ұрпаққа, қазіргі адамдарға насихаттау, дәріптеу, оны ұмыттырмай әрі қарай   жалғастыруды мақсат етіп отырмыз.