Алматыда синтетикалық ескірті жасауға арналған 72,7 тонна прекурсор тәркіленді

Алматыда синтетикалық ескірті жасауға арналған 72,7 тонна прекурсор тәркіленді.

Ішкі істер министрлігінің мамандары есірткі өндірісімен айналысатын зертхананы анықтап, халықаралық қылмыстық топты қолға түсірді. 21 наурыз күні Алматыда көрші елдердің екі азаматы ұсталды. Қоймаларды тінту барысында түрлі салмақтағы мефедрон, шетелдік полиция қызметкерінің жалған куәлігі, Калашников автоматының оқтары табылды. «Тәркіленген прекурсордың жалпы көлемі 8 тонна синтетикалық есірткі өндіруге жеткілікті», - дейді полицейлер. Қазіргі уақытта тергеу-тексеру жүріп жатыр.