Абай облысының 500-ге жуық оқушысы әкімдік берген ноутбуктерді ала алмай жүр

Абай облысының 500-ге жуық оқушысы үш айдан бері әкімдік берген планшет пен ноутбуктерді ала алмай жүр.

Жаңа жыл қарсаңында көп балалы және аз қамтылған отбасыдан шыққан, ата-анасының қамқорлығынан айрылған, мүмкіндігі шектеулі балаларға сертификат тапсырылған болатын. Бұған облыстық бюджеттен 112 миллион теңге бөлініпті. Өңірлік Білім басқармасы өкілдерінің айтуынша, сыйлықтың уақытында берілмеуіне мемлекеттік сатып алу жүйесі кедергі келтірген. Екі рет конкурс өткенімен, жеткізуші болмаған.

Әсем Нүскенова, Абай облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

- Үшінші рет конкурс жариялағанбыз. Ұтып алды. Келісімшарттың мезгілі 10 сәуірге дейін. 500 ноутбукті тапсырады. Қазіргі таңда қабылдап алу комиссиясы құрылды. Келесі аптада келгенде техникалық ерекшеліктеріне сәйкес қабылдап, тексеріп аламыз. Содан кейін балаларға таратып береміз.