Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға енгізілген толықтырулар мен өзгерістер талқыланды

Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға енгізілген толықтырулар мен өзгерістер талқыланды.

Жиын барысында мемлекеттік қызмет туралы Заңға «келісімшарттық қызметшілер» ұғымы мен ротациялық төлемдер енгізу, Агенттікке мемлекеттік қызметте қашықтықтан жұмыс жасау және икемді жұмыс кестесін жасау, мемлекеттік органдарда басшылар мен орындаушылар санын реттеу, жұмыс кестесінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру құзыретін беру жойынша өзгерістер айтылды. Сондай-ақ 1 сәуірден бастап Агенттікке мемлекеттік органдарда жұмыс режимін бұзу туралы әкімшілік істерді қарау бойынша берілген құзыреті қолданысқа енгізіледі.

Дархан Жазықбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы:

- Агенттік мемлекеттік қызметкерлердің құқығын қорғау бойынша жұмыстарды жүргізетін боламыз. Яғни біз алдағы уақытта егер бірінші басшылар мемлекеттік қызметкерлердің сенбі-жексенбі күндері немесе жұмыстан кейін уақыттарын көп ұстайтын болса, біз алдағы уақытта мониторинг жасап отырып, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына ескертеміз. Егер тағы да қайталанатын болса, біз оны әкімшілік-құқықтық тәртіпке тартатын боламыз.