Алматыдан 1,5 мың адам әскерге барады

Биыл көктемде бір жарым мың алматылық жігіт әскер қатарына алынады.

28 панфиловшы-гвардияшылар саябағынан еліміздің Қарулы Күштер қатарына тағы 50 жігіт аттанды. Олар отан алдындағы борышын Талдықорғандағы десанттық шабуылдау бригадасында өтейді. Жастарды шығарып салуға туған-туыстары, «Жас ұлан» республикалық әскери мектебінің оқушылары қатысты. Ардагерлер болашақ сарбаздарға ақ жол тілеп, патриоттық әндер орындалды. Қатардағы сарбаздар қоян-қолтық ұрыс шеберлігін көрсетті.  +снх

Мадияр Қанатұлы, болашақ сарбаз:

- Менің мақсатым – краповый берет болатын және әскери борышымды өтеп болған соң әскери адам болсам деп едім. ДШБ әскери бөлімшесінде.

Фархат Құрманғажинов, Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы:

- Қазір міне сәуір айында бізде ҚР ҚК әскерге шақыруды бастадық. Міне қазір 5 команда десанттық шабуылдау бригадасына жібереміз. Одан кейін әуе күштері қолбасшылығына жібереміз. Одан кейін құрлыс әскерлері қатарына жіберіледі.