Үйінің төбесі ойылып, ауруханаға түскен отбасының жағдайы орташа

Үйінің төбесі опырылып, ауруханаға түскен семейлік отбасы мүшелерінің жағдайы орташа.

Қазір олар облыстық  ауруханада емделіп жатыр. Естеріңізге салайық, кеше қалада Сырлыбаев көшесіндегі жер үйдің төбесі құлаған еді. Үй иесі 11 жастағы қызымен бірге сыртқа өз бетімен шығып үлгерген. Құтқарушылар үйінді астынан анасы мен 1 жасар баланы алып шықты. Үш жастағы бір балаға көршісі көмектесіпті. Жалпы құтқару операциясына Төтенше жағдайлар департаментінің 11 адамы мен 3 техника жұмылдырылған.

Дулат Кәрімов, реаниматолог:

- Балалардың ауруханаға түскен кездегі жағдайы қиын болды. Себебі бас сүйегіне зақым келген. Шұғыл ем-шараларды жасағаннан кейін денсаулығы қалпына келе бастады. Бүгін жан сақтау бөлімшесінен палатаға ауыстырамыз.