Қостанайда 2 жасар сәбиден қызылша анықталды

Қостанайда Ресейден оралған 2 жасар сәбиден қызылша анықталды.

Бұл өңірде тіркелген алғашқы науқас. Балаға анасы қауіпті дертке қарсы екпе салдыртпаған екен. Сөйтіп Ресейге барған сапарында қызылша жұқтырған. Облыс бойынша бұл дертке қарсы жыл сайын 10-11 мың бала вакцина алады. Қызылшаның алдын алу шараларын күшейтуге қатысты облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысы шықты. Оған сәйкес, мектепке дейінгі топтарда профилактикалық екпе алмаған балалардың үлесін 10 пайыздан асырмау міндет.

Гүлім Досымова, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

- Облыс бойынша уақытылы екпе алмаған 3600 бала тіркелген. Сол себепті ата-аналарды вакцина алып, аурудан қорғануға үндейміз. Екпеге қажетті дәрілер жеткілікті.