Жамбыл облысындағы полигонда қарсыласқа тойтарыс беру тәсілдері сыналды

Гвардейск горнизонындағы Мәтібұлақ полигонында қарулы күштердің жауынгерлік іс-қимыл жүргізудегі заманауи тәсілдері сыналды.

«Көкжал-2023» деп аталған тәжірибелік-зерттеу тактикалық оқу-жаттығуы барысында сарбаздар бір апта бойы жауға тойтарыс берудің жаңа амалдарын пысықтады. Бөлімше командирлеріне өз бетінше шешім қабылдауға мүмкіндік беріліп, артиллерияның әуселесі байқалды. Бұдан бөлек танкке қарсы артиллерия құралдарымен алыс қашықтықтағы қарсыластың броньды нысандарын жоюдың да жаңа тәсілдері сыналды. Жауынгерлердің даярлығын қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов өзі бағалады.

Мереке Көшекбаев, "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы:

- Оқу-жаттығудың ерекшелігі қазіргі таңда әлемде болып жатқан соғыс ұрыстарының әдістерін қадағалап, оның дамуын, өзгерістерін ескере отырып, түрлі ұрыстың әдістерін зерттеп, оны оқу-жаттығуда іске асыру бізге мақсат болды.