СҚО-да ағаштан небір туынды жасайтын қолөнер шебері тұрады

Солтүстік Қазақстан облысында ағаштан небір туынды жасайтын қолөнер шебері тұрады.

Николаевка ауылының тұрғыны Юрий Иванов түрлі мүсіндермен қатар ожау, қасық, астау секілді қазақтың ұлттық ыдыс – аяқ бұйымдарын да жасайды.

Юрий Ивановтың қолына тиген кез келген ағаш көздің жауын алатын бұйымға айналып шыға келеді. Қазір ол кезекті туындысы - қасық жасауға кірісті. Шебер осылай сағаттап отыра алады. Өйткені, жаны қалайды. 

Юрий Иванов, шебер:

- Жан – дүниеме жақсы. Бұл жерде мен демаламын. Қиялмына ерік беремін. Уақыттың қалай өтіп кеткенін де байқамаймын.

Қолөнер шеберінің ең сүйікті ағаштары – жөке мен тал. Юрий Иванов олардан ожау, қасық, астау секілді қазақтың ұлттық бұйымдарын да жасайды.  

Юрий Иванов, шебер:

- Бұл талдан жасалған ожау. Сабы осылай өрілген. Басындағы сақинасы да ойылған. Бәрі біртұтас ағаш.

Бұл Юрий Ивановқа табиғаттан дарыған өнер. Шебер бос уақытында сурет салумен де айналысады.

Ағаштан жасалған мына бір аюға шебердің жарты жылдай уақыты кеткен. Міне, аңның түр келбеті, дене бітімі, тіпті тістеріне дейін айнымайды. Қолөнер сонысымен құнды.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Қуаныш Қазбеков