Көкшетау қаласындағы ЖЭО салуға инвесторлар құлықсыз

Ал Көкшетау қаласындағы жылу электр орталығын салуға инвесторлар құлықсыз.

Себебі, Үкімет тендерлік құжатта компанияларда 70 млрд теңгеден асатын қаржы болу керек деп талап қойған. Мұны сенатор Нұрлан Бекенов айтты. Депутат тендерге қатысу ережелерін қайта қарау керек деп отыр. Оның айтуынша, былтыр наурыз айының соңында жылу электр орталығының құрылысына байқау жарияланып, сәуір айында белгісіз себептермен тоқтаған. Сосын Энергетика министрлігі жаңа ереже әзірлеген. Сөйтіп биылғы қаңтар және ақпан айларында тендерді қайта жариялады. Бірақ оған бірде-бір компания қатыспаған. Осылайша бұл іс созылып барады. 1978 жылы іске қосылған қазандықтар әлі күнге дейін жаңартылған жоқ. Көкшетау қаласында осыған дейін жылу және электр энергиясын өндіретін мекеме салынбаған. Сондықтан бұл қала бүкіл республика бойынша жылу және электр көзі жоқ жалғыз облыс орталығы. «Енді шартты өзгертпей, жылу орталығын салу мүмкін емес» дейді Бекенов.

Нұрлан Бекенов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Ұтып алатын кісіде 30 пайыз ақшасы, активі болу керек. Ол 72 млрд бүгінгі таңда қандай ол инвестор келеді? 72 миллиардты ол қояды, 15 жылдасын ол қайтады. Кім ақшасын салады? Қазір Көкшетауда үлкен үйлер көп. Стройка Қазақстанда бірінші орында келе жатқан Ақмола облысы. Соған қазір жылуға құжаттарды беріп жатқан жоқ. Неге десеңіз, өзі қазіргі неге жетпей жатыр.