Қазақстандықтарға нотариаттық қызмет алу жеңілдейді

Бұдан былай қазақстандықтарға нотариаттық қызмет алу жеңілдей түседі. Елде «Цифрлық нотариат» жобасы іске қосылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді сенімхаттың барлық түрін онлайн ресімдеуге болады. Осылайша, еліміз осы қызмет түрін алғашқылардың бірі болып цифрлық форматқа аударып отыр. Бұған дейін тек Франция мен Литва елдерінде ғана мұндай мүмкіндік қарастырылған еді.

Сондай-ақ бұрын сенімхатты ресімдеуде міндетті түрде клиенттің қатысуын талап ететін. Енді нотариаттық сенімхат азаматтарға eGov MOBILE арқылы қолжетімді.

Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

- Жалпы, цифрлық сервистерді дамыту ол Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының сайлауалды бағдарламасы алдында электрондық үкіметтің базасында цифрлық сервистерді дамыту бізге тапсырылған болатын. Сондықтан осындай жаңа цифрлық сервисті электрондық үкіметке шығардық.

Азамат Есқараев, ҚР Әділет министрі

- Кез келген азамат шет елде, ауруханада болса немесе нотариусқа келе алмайтындай жағдай болса, ол онлайн нотариуспен байланысып сенімхатты онлайын куәландыра алады. Бұл көптеген мәселелерді шешеді.