Қарағандыда көп қабатты үйлер заңсыз салынып жатыр

Қарағандыда көп қабатты үй салып жатқан екі компанияның құрылысын тоқтату бойынша сотқа арыз-шағым жолданды.

Бұған дейін басқа екі ұйым өкіліне де бірнеше бап бойынша айыппұл салынған. Себебі сараптама қорытындысы жоқ, авторлық және техникалық қадағалаусыз құрылыс жүрген. Заң бойынша әр нысанның іргесі қаланбас бұрын мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясын құлағдар етуі тиіс. Бұл электронды үкіметтің веб-порталы арқылы онлайн режимде жасалады. Бірақ қарағандылық компаниялар бұл талапқа салғырт қараған. Бұған дейін облыс орталығында салынып жатқан жеті ғимарат құрылысы сот шешімімен тоқтатылған еді. +снх

Айдын Смағұлов, Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясының бөлім басшысы:

- Бұл кісілерде ешқандай жаңағы ПСД жоқ, бізді хабардар етпеген. Авторлық қадағалаусыз салып жатқан. Жерге рұқсаты мен эскизді жобасы ғана бар. Біз сотпен тоқтатқаннан кейін ЖСО қадағалау керек. Объект қайтадан жұмыс жүргізбеу үшін. Соларды қарап тоқтатып тастауы керек.