Ғалымдар: Жастарды қаржылай ынталандыру керек

Отандық ғылым дамуы үшін елдегі жас ғалымдарды қаржылай ынталандыру керек.

Өйткені Қазақстанда білікті кадр тапшы. «Алдыңғы буынның жұмысын жалғастыратын ұрпақтар сабақтастығы қажет. Жергілікті саланың тамырына қан жүгірту мақсатында, мемлекеттік қолдау көлемін 3,5 есе арттыру жоспарланып отыр. Білім гранттарының көбеюі - бұл тек бастамасы», - дейді мамандар. Бүгін тәжірибелі ғалымдар, елордада бас қосып, осы тақырып төңірегінде әңгімелесті.

Дәрия Қожамжарова, М.Әуезов Атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры:

- 30 мың студентіміз бар. Соның ішіндегі 40 пайызы - жас ғалымдар. Оларды бүгінгі күнге арнап, 35 жас ғалымымызға 3,5 млн тг шәкіртақы тағайындадық, жалпы алған кезеңде. Ал ғылымнан түсіп отырған пайда қазіргі таңда университет тарапынан, оның ішінде жас ғалымдарымыз бар, зиялы ғалымдарымыз бар, 12 бағытта орналасқан ғылыми-зерттеу институттарымыз бар.