Ұлытауда қаржы жымқырғандар ұсталды

Ұлытаудағы әлеуметтік мекеме басшысы зейнеткерлер мен мүгедектердің қаражатын жымқырды.

Басшылық бұл ісін қызметкерлермен бірлесіп жүзеге асырған. Заңсыз әрекеттерін қаржы мониторинг агенттігінің аумақтық департаменті әшкереледі.  Қазір жалпы сомасы 12 миллион теңгеден астам аса ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдіктілердің үйлерін тінту кезінде қариялардың 799 мың теңге көлеміндегі зейнетақы төлемдері, оларға тиесілі банк карталары, сондай-ақ қылмыстық әрекеттерін дәлелдейтін басқа да заттар мен құжаттар тәркіленді.

Әлібек Әбділов, ҚР ҚМА ресми өкілі:

- Толық және жан-жақты тергеуге кедергі келтіру, сондай-ақ қылмыстың ізін жасыру және жою әрекеттеріне байланысты аталған мекеменің басшысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. 00,58 ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес басқа мәліметтер жария етуге жатпайды.