ШҚО-дағы өндірісте қауіп азаймай тұр

Шығыс Қазақстан облысының өндіріс ошақтарында жыл басынан бері 24 қайғылы жағдай тіркеліп, бірнеше адам түрлі жарақат алған.

Ал соңғы 4 жылға қатысты 800-ге жуық деректің 182-сі тау-кен металлургиялық нысандарында болған. Облыстық прокуратура қолға алған "Өндірістегі қауіпсіздік" жобасы да дәл осы саланы  қамтымақ. Өйткені өлкеде кен байыту бағытында жұмыс істеп жатқан кәсіпорын көп. Тексеріс нәтижесі  көпшілігінің техникалық  қауіпсіздік талаптарын сақтай бермейтінін көрсетті. Жұмысшылардың қалыпты еңбек етуіне қажетті жағдай жасалмайды. Жаңа жоба аясында осы жайлардың барлығы бақылауға алынады.

Мұхамеджан Оразбаев, облыстық прокуратура басқармасы бастығының орынбасары:

- Кәсіпорындарда уақтылы жабдықтарды жаңартуды қадағалаймыз, екіншіден кәсіпорындар өздерінің ішкі бақылауын күшейтуді бақылаймыз және де  өз тарапымыздан мемлекеттік бақылауды күшейтеміз.