Ақмола облысының тұрғындары екі күнде 30-дан астам қару тапсырды

Ақмола облысында соңғы 2 күн ішінде тұрғындар ішкі істер органдарына 30-дан астам қару-жарақ тапсырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Арнайы акция барысында қабылданған құжатсыз қарулардың басым бөлігі аңшы мылтықтары екен. Өз еркімен қару тапсырған жергілікті тұрғындарға өтемақы қарастырылған. Құжатсыз қаруларды қабылдау әлі де жалғасады. Облыстық Полиция департаменті бұл шараға 4 млн теңге қаржы бөліп отыр. 

Ержан Қошқарбаев, облыстық Полиция департаментінің басқарма бастығы:

- Заңсыз сақталған 34 қару қабылданды. Сондай-ақ жедел-профилактикалық іс-шара аясында 10 дана қару тәркіленді. Ал олардың иелері қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Акция аясында соңғы 11 жыл ішінде 2700 дана қару қабылданды.