Қонаевта бос жатқан жер мемлекетке қайтарылады

Алматы облысында жеке меншікке өтіп, бірақ өз мақсатында пайдаланылмаған  жайылымдық жерлер мемлекет меншігіне қайтарылып жатыр.

Былтыр Жамбыл ауданында 40 мың гектарға жуық аумақ қайтадан мемлекет иелігіне өтті. Бұл жер учаскелері 54 ауылдық аймаққа бекітіліп берілді. Сонымен қатар 55635 гектар иегерілмей жатқан жер телімдері анықталған. Оның 16-сы бойынша іс сотта қаралып жатса, екі учаскені иелері өз еркімен қайтарыпты. Ауданда ортақ жайылымды ұлғайту жұмыстары жүргізіліп береді, дейді мамандар. 

Эльдар Қайрат, Жамбыл аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бас маманы:

- Қайтарылған жерлер ауыл маңына схема бойынша келіп жатса сол ауыл, елді мекенге бекітіп береміз ортақ жайылымға. Егер ол ауылдан алшақ болса онда Жер кодексінің 48-бабына сәйкес конкурс арқылы беріледі.