Жамбыл облысында су бағасын еселеп сатқан

Жамбыл облысында 3000-нан аса шаруаға суармалы су 4 есе қымбат бағаға сатылып келгені анықталды.

Байзақ ауданының прокурорлары бұл заңсыздық аймақта ондаған жылға жалғасқанын дәлелдеп отыр.

Байзақтық диқандарға су бағасын еселеп сатқан 7 ауыл шаруашылық кооперативі екені анықтады. Олар шаршы метрі 70 тиын деп бекітілген суармалы суды 3 жарым есеге қымбаттатқан. Мәселен министрлік бекіткен тариф бойынша, бір маусым бойы 1 гектар жоңыршқаны суаруға 16800 куб су қажет. Құны 11 мың теңге болатын тіршілік нәрін, заңсыз делдалдар 40 мың теңгеден саудалаған. Солайша қыруар қаржыны қалтаға басқан.

Жандарбек Сұлтанбекұлы, Байзақ ауданының прокуроры:

- Бір шаруа қожалық 28 шаруа қожалықтарына егістік жерлеріне жаңағы 417 гектарға бір суарғанынан 1 гектарына 8 мың теңге траифпен су сатып отырған. Ол Қазсушарға 1,5-2 млн көлемінде ғана ақша төлеген. Ал өзінің таьысын есептесек, біздің есеп бойынша есептесек 13 миллион көлемінде ол табыс тапқан.

Құрбан Ауытов - 20 жылдан бері несібесін жерден тауып жүрген шаруа. 36 гектардың жартысына көкөніс ексе, қалған егістік алқапқа жем-шөп өнімдерін орналастырған. Бірақ сан жылдан бері су бағасына артық төлеп жүргенін енді ғана аңғарыпты. «Енді баға түссе, бәрімізге оңды болар еді», - дейді.

Құрбан Ауытов, шаруа қожалық жетекшісі:

- Ондай төмендеген жағдайда әр заттың құнына әсер етеді. Халық қолданатын тамағы, жем-шөп құны төмендейді. Оның үлкен маңыздылығы бар. Төмен болса әрине елге де жақсы бізге де жақсы.

Суға жауапты «ҚазСушар» мекемесінің мамандары, заңсыз су саудасын білмедік деп ағынан жарылды. Прокурорлар анықтаған соң, тек жауапты маманды тәртіптік жауапкершіліке тарту үшін, тиісті ведомствоға ұсыныс жолдаған.

Бағдат Бейсеқұлов, "ҚазСушар" РМК облыстық филиалының бас маманы:

- Қазводхоз тарапынан жаңағы СПК-лар шаруа қожалықтарына судың бағасы жоғары сатылатын болса, біз қосымша келісімшарта көрсетілген заң бұзушылықтар бұзылатын болса, сол жауапты жұмыскерлер жұмыстан босайды. Заңды жағынан ол енді, біз жазамыз прокуратураға. Ол негізі суды ұрлағанмен те болып саналады.

Тексерістен соң шаруа қожалықтар «Қазсушармен» тікелей келісімшартқа отырады. Солайша суармалы суды егістікке дейін өз бағасына алады. Айта кетерлі, осыған ұқсас жағай Шу ауданында да тіркелген. Ол жақта 1400-ден аса диқан, су үшін артық ақы төлегені белгілі болды.

Авторлары: Мерей Бает Тимур Сейілхан Руслан Ахатіллә