МАГАТЭ отандық ғылымға жоғары баға берді

Энергетика министрлігі Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікпен техникалық ынтымақтастық жөніндегі бағдарламаға қол қойды.

МАГАТЭ Маңғыстау облысындағы реакторлық қондырғыны қолданыстан шығаруға көмектеседі. Халықаралық сарапшылар отандық мамандарға атом электр стансасы құрылысының мәселелері бойынша да кеңес береді. Елімізге жұмыс сапарымен келген МАГАТЭ-нің бас директоры Рафаэль Гросси Өскемендегі аз байытылған уран банкінің жұмысымен танысып, отандық ғалымдардың кәсібилігіне жоғары баға берді. Мәртебелі қонақ ядролық отын өндірісіне қажет шикізаттың қауіпсіз сақталуы үшін барлық жағдай жасалғанына көз жеткізді. Рафаэль Гросси Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың энергетикалық қауіпсіздікті нығайту бағытындағы бастамамасын да ерекше атап өтті.

Рафаэль Гросси, МАГАТЭ бас директоры:

- Аз байытылған уран банкінің жұмысы МАГАТЭ үшін ғана емес, халықаралық қауымдастық үшін де маңызды. Бүгінде атом энергетикасына Азия, Солтүстік Америка, тіпті Африка мемлекеттері қызығушылық танытып отыр. Климаттың өзгеруіне байланысты бұл салаға сұраныс жоғары.