Павлодарда түркиялық хирург тәжірибесімен бөлісті

Павлодарда түркиялық қан тамырлар хирургі Әділ Полат тәжірибесімен бөлісті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шеберлік сағаты барысында 6 бірдей науқасқа операция жасалып, аяқтағы қан тамырлар түйіншектерден тазартылды. Науқастардың бәрі – 50 жастан асқан азаматтар. Мамандардың айтуынша, аяқтағы қан айналымының бұзылуы көбінесе егде жастағы адамдар арасында жиі кездеседі. Операцияның көмегімен қан тамырларының жұмысы реттеледі. Ал науқастар көп ұзамай аяққа тұрып кетеді. Бірегей операция өңірде алғаш рет жасалды. Алдағы уақытта жергілікті мамандар да озық әдісті кеңінен қолданбақ.

Әділ Полат, қан тамырлар хирургі, профессор (Түркия):

- Операция барысында науқастың денесінде ешқандай тілік жасалған жоқ. Тек баллонды катетерды пайдаландық. Бұл құрылғының көмігемін аяқтағы қан тамырлары тазартылды. Операция сәтті өтті. Павлодарлық әріптестерім бұл технологияны меңгеріп, тәжірибелерін молайтты деген сенімдемін.

Ринат Исабеков, қан тамырлар хирургиясы бөлімшесінің аға ординаторы:

- Бұл әдісті алғаш рет пайдаландық. Хирургиялық әдістің артықшылықтары көп. Мәселен, науқас бұрынғыдай ауруханада ұзақ уақыт жатпайды. Енді осындай операцияны өзіміз де жасаймыз. Техникалық базамыздың әлеуеті жеткілікті.