БҚО мен Ресей шекарасында көлік саны көбейді

Батыс Қазақстан облысы мен Ресейдің Самара облысы шекарасындағы «Сырым» өткізу бекетінде кезекте тұрған көлік саны көбейіп барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған басты себеп – көрші елдегі «Маштаково» өткізу пунктінде жөндеу-жаңғырту жұмыстарының жандануы. Бүгін басталған құрылыс қыркүйек айына дейін жалғаспақ. Бұл туралы құзырлы органдардың басшылары арнайы брифингте мәлімдеді. Ресейдің 5 өңірімен шектесетін Батыс Қазақстан облысында 6 өткізу бекеті бар. Тәулігіне 6 мыңға жуық көлік шекара асады. Соның жартысына жуығы осы «Сырым» бекеті арқылы өтеді. Кептеліске тап болмас үшін алдын-ала шекарадағы жағдайды біліп, өзге өткізу бекеттеріне ат басын бұрған абзал, - дейді мамандар.

Талғат Шаймарданов, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің БҚО департаменті бастығының орынбасары:

- РФ Маштаково өткізу пунктінде жол жұмыстар жүргізіледі. Ол былтыр да жүргізілген жұмыс болатын. Былтыр көргенбіз қалай болатынын. Олар жеткізіп отырған мәліметтер жүк көліктері және тұлғалар өту саны екі есе азаяды. Бүгінгі таңда кеше сағат 11-ден бастап қазіргі таңда кептеліс, Қазақстанға шығуға жүк көліктерінің саны 100-150 автокөлігі тұр. Маштаковоның арғы жағында 80-100 машина тұр.