«ҚазАгроҚаржы» АҚ Ақтөбе облысының шаруаларына қолдау көрсетті

Ал Ақтөбе облысының шаруалары көктемгі-дала жұмыстарына дайындықты бастап кетті.

Биыл диқандар ауыл шаруашылығы техникаларын жаңалауға ерекше көңіл бөліп отыр. Осының арқасында мол өнім алуды көздейді. Жоспарды жүзеге асыруға «ҚазАгроҚаржы» АҚ қолдау көрсетті.

Бұл заманауи кешен егіс алқабында бірден бірнеше адамның жұмысын атқара алады. Әмбебап техниканы жуырда "Арман" шаруа қожалығы сатып алды. Бұл дихандардың жұмысын жеңілдетіп еңбек өнімділігін арттырады. Қазір шаруалар көктемгі дала жұмыстарына қамданып жатыр. Жаңа үлгідегі техниканы "ҚазАгроҚаржы" акционерлік қоғамы қаржыландырды.

Владимир Евстратов, шаруа қожалығының басшысы:

- Неғұрлым үнемді, жетілдірілген техника. Цифрландыру жүріп жатыр, яғни онда шығындарды азайтуға - дизель отынын, тұқым материалын үнемдеуге және жалпы жұмысты сапалы орындауға мүмкіндік беретін параллельді жүргізу жүйесі бар. Барлық техника уақытында келді, олардың тарапынан да, біздің тарапымыздан да шағымдар жоқ, барлығы жедел, уақытылы орындалды.

Владимир Евстратов "ҚазАгроҚаржы" акционерлік қоғамымен тығыз жұмыс істеп келеді. Компанияның шарттары тиімді. Мамандар сұраныс пен шаруа қожалықтың ерекшелігіне қарай жеке-жеке қызмет көрсетеді. Осының арқасында шаруа он шақты арнайы ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алды. Биыл жалпы құны 920 миллион теңгеге төрт трактор мен егіс кешенінін сатып алуды көздеп отыр.

Артур Дарбаев, "ҚазАгроҚаржы" АҚ өкілі:

- ҚазАгроҚаржы" Мемлекет басшысының саясатын белсенді іске асыруда және агроөнеркәсіптік кешенді нығайтуға қолынан келген барлық мүмкіндікті қолдануда. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау түріндегі мемлекеттің қолдауының арқасында клиент 6% төлейді. Яғни, бұл қазіргі заманғы техниканы сатып алуда мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған үлкен қолдау.

"ҚазАгроҚаржы" Ақтөбе облысының  ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріне сегіз мың бірлік техника сатып алуға көмектесті. Қаржыландыру сомасы 40 миллиард теңгеге жетіп отыр.

Авторлары: Әнуарбек Мырзатайұлы, Болат Молдағалиев