«ӨзенМұнайГаздан» заңбұзушылықтар анықталды

Жаңаөзендегі мұнай компаниялары мамандарды жұмысқа кезектен тыс қабылдап, қызмет көрсету мекемелеріне артық ақша төлеп келген.

Қара алтынның айналасындағы бармақ басты, көз қысты әрекетті Астанадан барған арнайы комиссия анықтады. Олар ондаған заңбұзушылық тапты. Мәселен, «Өзенмұнайгаз» осы уақытқа дейін жұмысқа келмеген қызметкерлерге жалақы төлеп келген. Соның бірі - белгілі ақтаулық айтыскер. Ол алдымен штатта теолог, кейін қоғаммен байланыс жөніндегі маман қызметін атқарған. Сондай-ақ, кей қызметкер кезектің соңында тұрғАнына қарамастан жұмысқа өзгелерден ерте кіріпті. Олардың арасында біліктілік талаптарына сай келмейтін мамандар да бар. Жұмысшылар құқығы да бұзылған. Мәселен, мердігер мекеме қызметкерлеріне арнайы киім мен тамақ бермеген.

Айта кетейік, қазір мұнда "Қазмұнайгаз" өкілдерінен құралған жұмыс тобы жүр. Жауаптылардың айтуынша, кінәлілердің барлығы жауапқа тартылады.

Дәулетжан Хасанов, "ҚазМұнайГаз" ҰК" басқарма төрағасының орынбасары:

- Жалақы есептеуді тексеру барысында еңбек заңнамасының бұзылуы анықталды. Атап айтатын болсақ, үстеме жұмыстарын еңбек кодесінде белгіленген ұзақтықтан артық ақша төлеу анықталды. "Өзенмұнайгаз еңбек тәртібін бұзу фактілері бар. атап айтқанда, аустафинг екі адам жұмыста ұзақ уақыт болмаған. Бірақ та 8 сағатпен толықтай ақшалары төленген. Осындай сәйкессіздіктерді анықтап әрі қарай жұмыстанып жатырмыз.