Қостанайда орман шаруашылығы директорына қатысты сот басталды

Қостанайда Басаман орман шаруашылығының бұрынғы директоры Асқат Жақышевтің ісі бойынша сот басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған «лауазымдық өкілеттікті асыра пайдаланып, аса ауыр нұқсан келтірді» деген кінә тағылып отыр. Айыптау актісіне сәйкес Асқат Жәкішев 2020 жылдан 2022 жылдың қазан айына дейін өрт қаупі басым кезеңде жеке адамдарға орманда ағаш кесуге мүмкіндік жасаған. "Сол үшін 15 млн тенге ақша алған", - дейді.

Естеріңізге салайық, былтыр қыркүйек айында Әулиекөл ауданында орман алқабы өртеніп, 43 мың гектар жер күлге айналған еді. Сол алапат өртте 12 адам түрлі жарақат алып, 1 адам көз жұмған.