Шымкентте бүйрек трансплантациясы лапароскопиялық әдіспен жасалды

Шымкентте алғаш рет бүйрек трансплантациясы лапароскопиялық әдіспен жасалды.

"Облыстық клиникалық аурухана базасында жасалған тіліксіз операция 1,5 сағатқа созылып, сәтті өтті. Видео хирургиялық жолмен жасалатын операцияның мұндай түрі науқастың оңалу мүмкіндігін айтарлықтай арттырады. Әрі алғашқы үш күннің ішінде еркін қозғала алады", - дейді дәрігерлер. Жоғары технологиялық әдісті өзге аудан мен қалалардың дәрігелері онлайн көріп, тәжірибе алмасты. Алдағы уақытта жергілікті жағдайда күрделі хирургияны дамыту жоспарланып отыр.

Болатбек Баймаханов, Ұлттық хирургия ғылыми орталығының басқарма төрағасы:

- Аудан үлкен, халық көп, аурулар жеткілікті. Сондықтан біз үлгере алмай жатырмыз. Білімді жастар да қазір жеткілікті. Соның бәрін ескере отырып, осы саланы оңтүстік өңірінде дамытуға қол жеткізу үшін келіп отырмыз.