Г. Сатыбалды 7 жылға сотталды

Елордада Гүлмира Сатыбалдыға қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі тағайындалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айыпталушы 7 жылға сотталды. Қылмыстық кодекстің 49-бабы негізінде мемлекеттік награда «Құрмет» орденінен айыру туралы ұсыныс енгізіледі.

Айта кеткен жөн, Гүлмира Сатыбалды кәсіпорындардың қатысу үлесін заңсыз иемдену және адам ұрлау қылмысына қатысы бар деп тергеуге алынған болатын. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 6 млрд 600 млн теңгеден асады. Сондай-ақ айыпталушының сотқа дейінгі тергеу кезінде шекара асып кетпек болғаны анықталды. Ол сотта айыбын ішінара мойындады. Прокурор бастапқыда Гүлмира Сатыбалдыны 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.