Павлодарда әскери техникалар көрмесі өтіп жатыр

Павлодардың Әскери Даңқ саябағы жаңа жәдігермен толықты.

Экспонаттар қатарына 1943 жылы шыққан «УралЗис -6» - деп аталатын ескі көлік  қосылды. Әскери техника ұзақ жылдар Потанин атындағы тарихи - өлкетану музейінің ауласында сақталыпты. Кейін оны жергілікті университеттің машина жасау факультеті қалпына келтірді. Жеңіс күні қарсаңында жасақталған ашық аспан астындағы музейге сонымен қатар 1942-ші жылғы үлгідегі дивизиялық зеңбірек әкелінген. Майдан даласына ол 1944 жылдың ақпанында жеткізіліпті. Зеңбірек танкіге қарсы жойғыш артиллерия полкінің аға лейтенанты, Кеңес Одағының батыры Махмет Қайырбаев басқарған 5-ші батареяның ұрыс шебінде қолданылған. Майдан даласында 2 мың шақырымдай жол жүріп өткен және 1 мың 193 рет оқ атқан. Ал 1992 жылы демеушілердің көмегімен Павлодарға жеткізілген. 

Рүстембек Қалымқұлов, әскери даңқ музейінің басшысы:

- Осындай зеңбіректермен ҰОС жылдарында соғысқан екен. Енді мұның тек қана оқ дәрісінің өзі 10-15 кг Оның ішінде алтау болатын болса оның қандай ауыр, қандай жауынгерлік керек осымен жұмыс істеу. Серікбай Мүткеновтың өзі ақырғы қаны қалғанша осы зеңбірекпен яғни жаудың келе жатқан, қаздай  тізіліп келе жатқан танкілерін тоқтатқан екен.