Ақтөбеде оқушылар әскери бөлімге экскурсия жасады

Ақтөбедегі 30/238 әскери бөлімінде оқушыларға арнайы экскурсия ұйымдастырылып, Қазақстан қарулы күштерінің көрмесі өтті.

Балалар автоматтан бастап, зеңбірек түрлерімен де танысты. Отандық әскери автокөлікке мініп, сарбаздардың жаттығуын тамашалады. Ұйымдастырушылар мұндай кездесу болашақ жауынгерлер үшін маңызды дейді. Отан қорғаушының қоғамдағы беделі мен мәртебесін артыру мақсатында, 66/55 әскери бөлімінде де  ашық есік күні болды.

Әлинұр Сұлтанбек, оқушы:

- Мен өзім осы атамның, әкемнің жолымен өтемін де 18 жасымда армияға кетемін. Барлығымыз өзіміздің Қазақстанды қорғап, өзіміздің борышымызды өтеп келуге жігіттердің армияға баруы жақсы негізі.