Петропавлдағы өрт кезінде зардап шеккендерге көмек көрсетіледі

Петропавлдағы өрт кезінде зардап шеккендерге көмек көрсетіледі.

Жетінші мамыр күні «Береке» ықшам ауданында қамыс өртеніп, жеке секторға от тиген еді. Сөйтіп, 9 үй түгелдей жанып кеткен. Тағы екеуі тұруға жарамсыз. Қазір 11 отбасының жетеуі уақытша баспаналарға жайғасты. Төртеуі туған-туыстарын паналады. Енді оларға 100 айлық есепткік көрсеткіш көлемінде материалдық көмек беріледі.  

Эльмира Сәдуақасова, Петропавл қаласы әкімінің баспасөз хатшысы:

- Ашық үкіметтік емес ұйымдардың сайтында төтенше жағдайды енгізу бойынша жоба енгізілді. Қазір ол онлайн қаралып жатыр. Қаралғаннан кейін әділет департаментіне жіберіледі. Тіркелгеннен кейін төтенша жағдай жарияланатын болады. Төтенше жағдай бізге осы зардап шеккен тұрғындарға барынша материалдық көмекті заң аясында көрсетуі қажет.