Жетісу облысында су шайған жолға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Малайсары ауылында былтыр ғана салынған жолдың бір шақырымдай бөлігін көктемде су шайып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24»

Прокурорлар бұған қылмыстық іс қозғап, жолдың жобалау сметалық құжатсыз салынғанын анықтады. Авторлық және техникалық бақылау жүргізілмеген. Өзен суын өткізетін құбыр да тасқынға төтеп бере алмаған. Нәтижесінде 300 млн теңгеден аса қаражат желге ұшты.

Ләйлім Әбілмәжінова, Жетісу облыстық прокурорының көмекшісі:

- Қылмыстық құқықбұзушылық нәтижесінде мемлекетке қомақты шығын келтірілді. Аталған іске байланысты сәуірдің 3-інен бастап соталды тергеп-тексеру амалдары басталды. Жауаптыларға қызметтік бабын асыра пайдалану бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.