Ақтауда 800-ден аса көпқабатты үй жөндеуді қажет етеді

Ақтауда 800-ден аса көпқабатты үй ескірген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді осы ширек ғасыр бұрын салынған үйлерді жөндеу қажет. Ол үшін алдымен техникалық сараптама жасалуға тиіс. Соған 20 млн теңге бөлінген. Бірақ бұл тек 20 үйдің жай-күйін саралауға жетеді, - дейді мамандар. Алдағы уақытта мемлекеттік сатып алу конкурсы өтіп, мердігер мекеме анықталмақ.

Ал осы қалада маңдайшасы құлап, бір адамды басып қалған көпқабатты үйге техникалық сараптама жасалмаған болып шықты. 

Нұрадин Көшербаев, «Ақтау қалалық тұрғын үй инспекциясы» ММ басшысы:

- Зардап шеккен адамдар – сол мекеменің жұмысшысы. Себебі олардың сол жұмысты жасауға құзыреттіліктері бар. Арғы жағында техникалық қауіпсіздікті сақтап-сақтамауын тиісті органдар анықтайды. Бұл үйге сараптама жасалмаған. Ал енді қызмет көрсететін пәтерлер кооперативі үйдің кіреберіс жағдайларын қарап, өздерінің жоспарлы жұмыстарын жасайды. Бұл жерде айта кететін жағдай, қаражат толық тұрғындардың есебінен жүргізіледі.