ADFIAP: Инвесторлардың халықаралық форумы

Теңізге шығатын жолдың жоқтығы, қаржы секторының даму деңгейінің төмендігі, су энергетика саласындағы келіспеушілік пен климаттық өзгерістерді қалай тиімді шешуге болады? 

Осы мәселе Алматыда өтіп жатқан Эйди-эф-ай-Эйпи, яғни Азия және Тынық мұхиты аймақтық даму институттарының қауымдастығы мүшелерінің  кездесуінде талқыланды. Халықаралық деңгейдегі шараны Еуразиялық даму банкі ұйымдастырды.

Инвесторлар конференциясына 40-тан астам елден 250-ге жуық делегат келді. Бірнеше жылдан бері ADFIAP ортақ инвестициялық жобаларды қолға алып, кеңесетін алаңға айналды. Форум қатысушыларына мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтау хат жолдады. Қауымдастықтың 46-шы жылдық жиналысы Орталық Азия елдерінің арасында алғаш болып Қазақстанда өтіп жатыр.

Моминул Ислам, ADFIAP төрағасының М.А, IPDC Finance бас директоры:

- ADFIAP қауымдастығына 40 елден 91 қаржы институты кіреді. Негізгілері – Азия даму банкі, Жапонияның халықаралық ынтымақтастық банкі, Канаданың коммерциялық даму банкі, Қытай мемлекеттік даму банкі. Үндістанның өнеркәсіптік даму банкі сияқыт қаржы иституттары. Осы кездесуде бастысы инфрақұрылымға инвестиция тарту жолдарын жеңілдетуді қарастырамыз.

Шараны ұйымдастырушы Еуразиялық даму банкі. Банк  ADFIAP директорлар кеңесіне мүше. Еуразиялық кеңістікте инвестициялық тартымдылық артып келеді. Соңғы 20 жылда оның көлемі 17 есеге артып, 211 млрд АҚШ долларына жетті.

Николай Подгузов, Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы:

- ADFIAP әлемде өзіндің орны қалыптасқан халықаралық ұйым. Оның құрамында сан алуан  ұлттық қаржылық даму институттары бар. Біз оларды  Орталық Азияға соның ішінде Қазақстанның ивестициялық мүмкіндіктерімен танысса екен дейміз. Сондай-ақ, біздің көлік пен  логистикада, энергетикада жобалорымыз бар. Мәселен, Алматы әуежайындағы терминал құрылысының жартысы аяқталып қалды.

Халықаралық іс-шараның біздің елімізде өткізілуі тегін емес. Қазақстан аймақтық 190 мемлекет ішінде ең үздік дәрежеге жетіп, Doing Business 2020 рейтингінде 25-ші орында тұр. 

Авторлары: Қарлығаш Қайыпбекова, Эдуард Кон