Ақтөбе облысындағы жолдардың жағдайы тексерілді

Ақтөбе облысында жолға жауапты лауазымды және заңды тұлғаларға 6,5 миллион теңге айыппұл салынып отыр.

Бұл полиция қызметкерлерінің жыл басынан бері жол жағдайын тексеру нәтижесінде қолданылған шара. Себебі, бүгінде облыстық және жергілікті маңыздағы көлік дәліздерінде ақау көбейген. Әсіресе, қыстан кейін жолдардың жағдайы мүлдем нашар. Шұрық тесік көп және жол жиектері су тасқыны кезінде ойылып кеткен. Бұның барлығы жол қауіпсіздігіне кері әсер етеді дейді әкімшілік полиция қызметкерлері. Жыл басынан бері жолдарға 1160 рет тексеру жүргізілген. Қортындысы бойынша 190 лауазымды және заңды тұлғаға әкімшілік шара қолданылып отыр.

Еркін Өтегенов облыстық ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы:

- Егерде біздің ұйғарым орындалмаған жағдайда материалды жинап, сотқа әкімшілік істі жіберетін боламыз. Бұл жаңағы лауазымды және заңды тұлғалардың ішінде мердігер мекемелер бар, сонымен қатар, тұрғын үй  шаруашылық коммуналдық автомобиль жолдары мемлекеттік мекемесінің басшылары бар, аудан орталықтарының әкімдері бар, ауыл әкімдері көптеген лауазымды тұлғалар осындай іс-шараға біз тартып отырмыз. Бұл жұмыстар әрдайым жалғаса береді.