«Бір белдеу-бір жол» бастамасына 10 жыл

Осыдан тура он жыл бұрын Астанадағы Назарбаев университетінде Қытай Халық республикасының төрағасы Си Цзиньпин алғаш рет Ұлы Жібек жолы бойындағы жаңа экономикалық белдеу құрылысын жариялаған еді.

«Бір белдеу-бір жол» атауымен белгілі бұл бастаманың аймақтағы елдер үшін стратегиялық маңызы зор. Бүгінде оның экономикалық өзектілігі тіптен арта түскен. Қос ел басшыларының жүздесуі екі жақты қатынасты одан әрі нығайтуға сеп болады»,- дейді Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеу институтының сарапшылары. Бұған дейін айтлығандай, Қазақ-қытай арасындағы алыс-беріс былтыр 24 млрд ақш долларынан асқан еді. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 34%-ға артық. Пандемияға байланысты енгізілген шектеулер алынған соң, тауар айналымының еселенуі заңды құбылыс болары белгілі. 

Айдар Құрмашев, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Азиялық зерттеулер бөлімінің басшысы:

- Енді осы жылдан бастап Қытайдың пандемиядан шектеулерді алынуда. Және бұл бизнес және туристердің өсуіне жол береді деген ойдамыз. Сондықтан қазір қытаймен байланыс көбінесе Орталық Азия аймағы шеңберінде де қарастырылуда. Себебі көптеген инвесторлар келгенде тек қана бір мемлекетке емес, жалпы аймаққа келеді.