Елде медсақтандыру қорының филиалдары тексеріледі

Биыл және келер жылы медсақтандыру қорының филиалдарына аудит жүреді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол үшін қор өкілдері жоғары аудиторлық палатаға хат жіберген. Өйткені Денсаулық сақтау министрлігінің мұндай функуциялары жоқ. Бақылау аясында медсақтандыру қорының филиалдары, Денсаулық сақтау басқармалары мен медицианлық мекемелерде тексеріледі. Бұл туралы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді.

Бір ай бұрын Президент мекеменің өңірлік филиалдарының жұмысын сынға алып, тексеруді тапсырған. Бүгінде Қор барлық көрсетілген медициналық қызметтердің тек 10% ғана бақылайды. 2022 жылы 20,8 млрд теңгеге 3 млн-нан астам заңбұзушылық анықтады. Онда көрестілген медициналық көмектің көлемін негізсіз көбейтіп жазған, сонымен қатар расталмаған, болмаған медициналық қызметтерді болды деп тіркеген.

Сәбит Ахметов,  «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасы:

- Біз мемлекеттік және жекеменшік клиникалардағы ауру тарихын бір жүйеге біріктіреміз. Бұл азаматтарға көрсетілмеген қызметтерді өтірік тіркеуге кедергі болады. Техникалық тұрғыдан бұл мүмкін емес болады. Ал толық цифрландыруға дейін бақылауды күшейтеміз. Мұндай әрекеттер медицицналық мекемелер тарапынан кездеседі. Олар қаржыландыру көлемін арттыру үшін осындай әрекетке баруы мүмкін. Бірақ әр жағдайды жеке қарау керек.