ҰБТ: ең жоғары балл шығыста тіркелді

Елде Ұлттық бірыңғай тестілеу жүріп жатыр.

Кеше ең жоғарғы балл Шығыс Қазақстан облысында тіркелді. Өскемендік жас түлек 133 ұпай жинаған. Биыл жалпы саны 160 мыңнан астам жас сынақ тапсырады. Ал, бүгін 23 орталыққа 3 мыңнан астам талапкер жиылды. 

Нұрқанат Қанапия, тілші

- Кешеден бері елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу өтіп жатыр. Осы тестілеуге дайындалып келе жатқан оқушылардың қатарында Диас пен Бақтияр да бар.

- Жігіттер, қандай пәндерді таңдадыңдар?

Диас: Математика, информатика. Медиатехнология немесе ақпараттық технология.

Бақтияр: Биология, география пәнін таңдап, арнайы педагогика-психология мамандығына түсейін деп жатырмын.

Ал енді өздеріңде осы сәтте қобалжу бар ма?

Диас: Жоқ.

Бақтияр: Ешқандай уайым жоқ. 

Иә, Ақмолдағы мектепті биыл бітіретін сыныптастардың бойында қобалжу жоқ. Әбден дайындалған, сынақ тапсыратын орын мен күнді өздері таңдап келген. Кеше ел бойынша 2 мың талапкер білімін тексерді. Ал, бүгін 3 мыңға жуық қыз-жігіт бағын сынады. 

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

- Төрт рет жалпы емтихан тапсыруға болады. Екі рет өз-өзін тексеру мақсатында екі рет ресми. Биылдан бастап енді осы форматпен жұмыс істейміз. Екінші ерекшелігі – емтихан тапсыру мерзімі де ұзартылды. 42 күн. Организациялық тұрғыдан адамдарға көп шоғырланбай, міне, мысалы, бүгін университетімізде 80 бала ғана тапсырады. Университетіміз үлкен, көріп отырсыздар.

Яғни талапкерге берілген уақыт кең. Жаңалық жүйкеге түсетін жүкті жеңілдетті. Ең жоғарғы ұпай ресми нәтиже ретінде тіркеледі. Шекті меже 50 балл. Ал жоғарғы ұпай – 140. Тестіден өтуге 160 мыңнан астам адам өтініш білдірді. Шамамен 140 мыңы мектепті биыл бітіреді. Түлектердің 70 пайызы инженерлік-техникалық мамандықтарды таңдап отыр. Әсіресе, ІТ салаға қызығушылық зор. 

Руслан Емелбаев, Ұлттық тестілеу орталығының директоры:

- Биылғы жылдың ең басты жаңалығы жаңа бір пәннің қосылуы. Мынау ІТ бағыты бойынша баратын ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттық технология және информатика пәнінің мұғалімдерін даярлау бағытында баратын талапкерлер биылғы жылдан бастап математика-информатика комбинациясын таңдап отыр. Негігі, ҰБТ кезінде жалпы өтініш білдіргендердің 10 пайызы осы комбинацияны таңдап отыр.  

Жастардың басым бөлігі сынақты қазақ тілінде тапсырады. Сондай-ақ 243 түлек ағылшын тілін таңдапты. Бүгінгі тестілеу 23 орталықта өтті. Қалам, су мен шоколад алып кіруге рұқсат берілді. Ал кеше 5 адамнан тыйым салынған зат табылып, тестіден шығарылды. Алайда, олардың әлі де мүмкіндігі бар. Тестілеу 5 шілдеде аяқталады.

Нұрқанат Қанапия, Ерлан Наурызбаев, Тоқтар Терлікбаев