Елордада шоқтығы биік концерт ұйымдастырылды. LIVE

Мәдениет қызметкерлерінің төл мерекесіне орай елдің әр түкпірінен мың музыкант жиналып, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйламақ.

Марат Бисенғалиев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

- Осының бәрін ұйымдастыру мен ойлағаннан қиын болды. Басында тек тәртіп жағынан қиналдым, әсіресе хор адамдарын бақылау күрделі болды. Алайда, соңында барлығының басын қосу қолымыздан келді. Концерт жақсы өтеді деп үміттенемін.