Жетісулық ұста құйған заттар жұрттың кәдесіне жарап жүр

Ерінбей еңбек етсең, шалғай ауылда да тұрақты табыс табуға болады.

Жетісу облысы  Панфилов ауданында тұратын Нұрлан Күрішбаевтың қолынан шыққан дүниелер ауылдықтардың кәдесіне жарап отыр.  

Темірін құрастырып, трактордың жылу айдайтын моторын қойдым, Он екі вольтпен жұмыс істейді екен. Оған выпримительді әкеп  жалғадым.

Нұрлан Күрішбаев көрікпен мен қатар қолындағы қысқашы мен балғасын, өзге де заттарын өзі жасап алған. Темірден түйін түйген ұста қазір шаруалардың тапсырысын орындап жатыр. Себебі ауылдағы ағайыннан, жайлауға көшкен шопандардан тағаға сұраныс көп.  

Нұрлан Күрішбаев, ұста:

- Мынау тиек таға деп аталады. Екі тиек. Бұл қыста жүргенде жаздыгүны жайлауда жүргенде аттың аяғы таймас үшін. Ал мынау жазық жерге арналған. Бір айға жеткізбейді біздің жердің қаттылығы. Жонып алады да басқасын тағалайды. Сұранысқа көп ие. Бір аттың тағасын екі жарым мың теңгеден береміз. 

Көнеден келе жатқан киелі өнерді кәсіп ету оңай емес,- дейді Нұрлан. Көріктің жанында сағаттап тұрып, адал еңбекпен маңдай тер төгуіңе тура келетінін айтады. Ауыр жұмыстан шаршағанда ол  малдың терісінен жасалған қайысты кәдеге жаратады. Ноқта, қамшы өріп, ағаштан ер шабады. Қажетіне қарай әкесімен бірлесіп ескі пешті бүтіндеп жаңасын дәнекерлейді. 

Тоқтасын Күрішбайұлы, Қоңырөлең ауылының тұрғыны:

- Сварка жұмыс болса оның қолы бос емес болса мен сваркілеп берем. Астыңғы қиындау жерлерін Нұрлан өзі варить етсе қалған жерін мен жасап қоям. Семьямызбен істей береміз. Тек қана таға емес, пеш емес қақпа заказ береді. 

Ұсталықты табыс көзіне айналдырған отбасы енді кәсібін кеңейтуді жоспарлап отыр. Әсіресе ұлттық нақышта түрлі оюмен өрнектелген қақпа жасауды өндірістік жолға қоймақ. 

Шыңғыс Қалиден, Қуаныш Түргенбаев