Семейде 2 жағажай ашылады

Семейдегі жағажайларды абаттандыруға 30 млн теңге бөлінеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қала әкімдігі биыл бірден 2 коммуналдық жағажайды іске қосуды жоспарлап отыр. Шаһарда бұған дейін рұқсат етілген бірде-бір шомылу орны болмаған еді. Соның салдарынан былтыр 17 адам суға кетті. Оның үшеуі – бала. Қазір құтқарушылар суға түсу маусымына дайын. Аймақтағы су айдындарында 30-ға жуық құтқарушы, полиция мен еріктілер кезекшілік етеді. 

Бауыржан Оразкенов, Семей қалалық ТҮКШ бөлімінің бас маманы:

- Келесі маусым айынан бастап суға шомылу басталады. Соған орай Семейдегі «Заря» жағажайын абаттандыру жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта конкурстық процедуралар жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстарға мекеме тарапынан 30 млн теңге бөлінген болатын.