Қаржы пирамидаларының тізімі жарияланды

Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидаларының тізімін жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді инвестиция салғысы келетін әрбір азамат компания сенімділігін тек Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі реестрінен ғана емес, осы тізімнен де тексере алады.

Жыл басынан бері 22 қаржы пирамидасы анықталып, 4000-ға жуық сайт пен аккаунт бұғатталды. Қаржы алаяқтарының жұмысын тоқтату мақсатында бірталай жұмыс атқарылып жатыр. Мәселен, әлеуметтік желі қолданушыларына ескертулерлер жасаудың нәтижесінде 52 мың адам қаржылық пирамида белгілері бар парақшаларға жазылудан бас тартыпты.

Сондай-ақ қаржылық пирамида белгілері бар компанияларды тексеретін БАЙҚА-ПИРАМИДА телеграм боты бар. 2022 жылдан бастап, бұл қызметке 3511 өтініш түсіпті.