«Семей орманы» табиғи резерватындағы өрт әлі сөнген жоқ

Абай облысындағы «Семей орманы» табиғи резерватындағы өрт әлі сөнген жоқ.

Төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша, Ресейдің Алтай өлкесінде тұтанған қызыл жалын кеше Бородулиха ауданы аумағына өткен. Алдын ала есеп бойынша 1100 гектар аумақ отқа оранған. Өртті өшіруге 200-ден астам адам мен 100-ге жуық техника жұмылдырылған. Шығыс Қазақстанның құтқарушылары да тілсіз жаумен күресіп жатыр. Бүгін түске дейін Астана қаласынан МИ-873 тікұшағы көмекке келеді деп жоспарланған.