Астанада бизнесті қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңес өтті

Кәсіпкерлерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру 4 есе қысқарды.

Бұл туралы бизнесті қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңесте айтылды. Бас прокурор Берік Асыловтың айтуынша, прокурорлардың қадағалауынан кейін кәсіпкерлер мен инвесторларды жөн-жосықсыз тексерісі азайған. Бизнесін дөңгелетіп отырғандарға қатысты 4,5 мыңнан астам заңсыз тексерулер мен бақылаудың жолы кесілді. Мәселен, құқық қорғау органдары арқылы бизнес иелерінің банктегі шоттарына салынған тыйымды алып тастау мәселесі оң шешімін тапты. Сонымен қатар жиында бизнестің ашықтығын қамтамасыз ету үшін цифрлық технологиялар енгізу қажеттігі айтылды.

Берік Асылов, ҚР Бас прокуроры:

- Бизнесті жөнсіз тексеру соңғы уақытта едәуір бәсеңдеді. Сонымен бірге қазір прокурорлардың алдына нақты міндеттер қойылды.  «Атамекен» палатасымен тиімді өзара іс-қимылды және бизнес субъектілеріне құқықтық кеңесті қамтамасыз ету қажет. Өңірлердегі прокурорларға әрбір инвестициялық жобаға жеке қызметкерлерді бекітіледі. Бизнес субъектілері оң нәтиже көру үшін алдағы жұмысты жеделдету қажет.