Түркістан облысындағы Өзбекстанмен шекарада жүздеген жүк көлігі кептелісте тұр

«Қазығұрт» өткізу пунктінде тізілген көлік жүргізушілері ұзын-сонар кезекте бірнеше тәуілік бойы тұрғанын айтады.

«Әрі, кезек болса күндіз ғана жылжып, түнде қаңтарылып тұр», - дейді. Ал мемлекеттік кірістер комитеті бұл кептеліс екі ел арасындағы көкөніс пен жеміс-жидек тасымалының артуынан туындап отырғанын айтады. Қазір өткізу пункттері күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Бақылау операцияларын жеделдету үшін кеден бекеттерінің штаты қосымша жасақталған.