«Коре ильбо» газетіне – 100 жыл

Қазақстанда шығатын «Корё ильбо» газетінің 100 жылдық мерейтойы Оңтүстік Кореяда тойланып жатыр.

Осы мерекеге орай атақты корей дизайнерлері мен каллиграфтары басылымның жаңа логотипі мен дизайнын дайындады. Газеттің жүз жылдығына арналған мерекелік шаралар Кванджу және Сеул қалаларында өтті. Басылымның алғашқы саны 1923 жылы 1 наурызда Қиыр Шығыста жарық көрген екен. 1937 жылы корейлер Қазақстанға жер аударылғаннан кейін редакция қызметкерлері Қызылордада отырып, кейін Алматыға көшкен.

Константин Ким, «Корё ильбо» газетінің бас редакторы:

- Корё ильбо - Қазақстандағы ең көне этникалық газет. Ал оның Қазақстанда сақталғаны, әрине, халықтарымыздың өзара қарым-қатынасын айшықтайтын тарихи құбылыс. Қазір мемлекет тарапынан бізге қолдау көрсетіліп жатыр. Бұл да мемлекеттің Қазақстанда тұратын этностарға деген көзқарасын көрсетеді.

Кан Бен Ин, каллиграф-суретші:

- Мен логотипте халқымыздың қаншалықты төзімді екенін және ешбір қиындыққа иілмейтінін, бәріне шыдай білгенін көрсетуге тырыстым. Корей әліпбиі – хангыль бүкіл корей халқын біріктіреді. Тиісінше, мен алдағы 100 жыл Корё Ильбо үшін сәтті болатынын көрсетуге тырыстым.