Талдықорғанда «Q-net» қаржы пирамидасын құрған және басқарғандар қамауға алынды

Талдықорғанда «Q-net» қаржы пирамидасын құрды және оны басқарды деген күдікке іліккен 3 азамат қамауға алынды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Қазір осы іске қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті мамандарының айтуынша, олар 2018-2020 жылдар аралығында қаржы пирамидасының қызметіне 231 салымшы тартқан. Тұрғындардың оған салған ақшасы 220 млн теңгеден асады.    

Ербол Құрманбаев, Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі:

- Аталған күдікті тұлға ҚР 217-бабы бойынша, яғни мамандандырылған тергеу сотының санкциясы бойынша 2 айға қамауға алынды. Басқа деректер 201-бабы бойынша ҚР Қылмыстық процесуалдық кодексінің жариялауға жатпайды.