Жаңаөзен мұнайшыларына жұмыс ұсынылды

Жаңаөзенде «БерӘлі» компаниясының бұрынғы мұнайшыларына «Мөлдір Мұнай Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жұмысқа орналасу жайында еңбек шарты ұсынылды.

Шартта мұнайшылардың жалақысы бұған дейінгі мөлшерде сақталатыны кепілдендірілген. Жұмысшылардың кездесуін «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамының басшылығы ұйымдастырды. Өз кезегінде «БерӘлі» компаниясының бұрынғы жұмысшылары ұсынылған шарттарды қарастыруға уақыт сұрады.